«Болашақ ойындары-2026»: мемлекет басшысы халықаралық турнирге дейінгі кері санақты іске қосты

Автор: Асыл Арман

Дода Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз күндері аралығында өтеді

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Фиджитал-атлеттер арасындағы дода Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз күндері аралығында өтеді.