Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылатын жастарға бақылауды күшейтпек

Автор: Асыл Арман

Жаңа тізілім шақырудың табысталғанын қадағалайды

Фото: istockphoto.com

Қорғаныс министрлігі әскерге шақырудың бірыңғай тізілімін әзірлеп жатыр. Бұл – әскерге шақыру үдерісін ашық әрі тиімді етуге бағытталған цифрлық жүйе, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бастама Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық кеңесте талқыланды.

Жаңа тізілім шақырудың табысталғанын қадағалап, әскерге шақырылушыларды уақытылы хабардар етуге мүмкіндік береді. Әскери қызметтен жүйелі түрде жалтарып жүрген азаматтар үшін қолданыстағы заңнама аясында уақытша шектеу шараларын енгізу жоспарланып отыр.

«Талқылаудың жеке блогында мерзімді әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мәселелері қаралды. Қорғаныс министрлігі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ай сайынғы ақшалай үлесін арттыруды, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктер жүйесін жетілдіруді қарастыруды ұсынды», – делінген хабарламада.

Тізілімнің нақты қашан іске қосылатыны әзірге белгісіз. Жүйені енгізу үшін бірнеше ведомствоның бірлескен жұмысы қажет болмақ.