Елімізде алдағы демалыс күндері қар аралас жаңбыр жауады – «Қазгидромет»

Автор: Асыл Арман

Синоптиктердің болжамы белгілі болды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазандағы аудандар үстінде орналасқан циклон ойысы Қазақстан аумағы арқылы жылжып, тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. Республиканың көптеген өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Жекелеген аймақтарда бұршақ пен екпінді жел болуы мүмкін. Сондай-ақ республика бойынша түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады.

«26 сәуір күні батыс және солтүстік-батыс өңірлерде, ал 27 сәуірде солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнгі уақытта ауа температурасы -2°C дейін төмендеп, үсік күтіледі», – делінген синоптиктер болжамында.

Күндіз ауа температурасы төмендейді:

  • солтүстікте +10…+15°C дейін;
  • орталықта +10…+18°C дейін;
  • шығыста +7…+20°C дейін;
  • оңтүстікте +15…+25°C дейін.

Ал батыс өңірлерде температура біртіндеп +7…+15°C-тен +15…+20°C-қа дейін көтеріледі.