Өтініш берілгеннен кейін жұмыс беруші қызметінің шын мәнінде шектелгені тексеріледі
Еңбекақысы сақталмаған демалыстағы қызметкерлердің 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем алуы үшін жұмыс берушілердің өтініші қабылдана бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 42500.enbek.kz сайтына сілтеме жасап.
«Өз қызметкерлері үшін өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінім қабылдау 2020 жылғы 19 шілдеде 10:00 сағаттан басталады. ( eGov.kz порталы, 42500.enbek.kz)», - делінген хабарламада.
Өтініш берілгеннен кейін аудандық (қалалық) штаб жұмыс беруші қызметінің шын мәнінде шектелгенін тексереді.