Дәріхана басшыларына ауызша ескерту жасалды
Қостанай облысында дәрі-дәрмектерді қымбат бағаға сатқан дәріханалар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қостанай қаласының 3 дәріханасында дәрілік препараттарға белгіленген шекті бағадан асырып сату фактілері тіркелді. Дәріхана басшыларына ауызша ескерту жасалды. Рейдтік іс-шаралар жалғасады», - деп жазылған хабарламада.
Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тұрғындарды дәрі-дәрмек бағасының негізсіз қымбаттауына қатысты деректерді хабарлауға шақырады.