Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады
Павлодар облысында әйел адамның мәйіті жантүршігерлік жағдайда табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Марқұмның мәйіті табылған сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Мәліметтерге сүйенсек, мәйіт аймақтағы ферроқорытпа зауытынан бірнеше шақырым жерде табылған. Сол сияқты марқұмның өлер алдында зорланған болуы мүмкін екені және мәйітін өртеп жібермек болғаны айтылды.
Оқиғаға қатысты агенттік тілшісі Павлодар облысының Полиция департаментіне ресми сауал жолдады.
«Әйелді өлтіру дерегі бойынша Ақсу қаласында қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген облыстық ПД-ның жауабында.