БҚО-да той кортежі кезінде дрифт жасап, елдің зәресін алған жүргізушілер ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Барлық көлік анықталып, арнайы айып тұрағына қойылды

Фото: Видеодан скрин

БҚО-дағы Ақсай қаласында той кортежіне қатысушылар жол ережесін өрескел бұзған. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері 20-дан астам құқық бұзушылықты анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында барлық көлік анықталып, арнайы айып тұрағына қойылды. Жүргізушілер мен жолаушылар қауіпті маневр жасау, апатты жағдай туғызу, көлік люгінен шығу, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпау фактілері бойынша жауапкершілікке тартылды.

«Әрбір жүргізушімен және жолаушылармен тәртіп сақшылары профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Полиция барлық азаматты жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады. Сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтарға заң аясында қатаң шара қабылданатынын еске салады», – делінген облыстық ПД хабарламасында.