Қазақстанда теңге нығайып келеді: доллар бағамы – 464 теңге

Автор: Асыл Арман

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 464,73 теңгені құрап, 3,56 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 21 сәуірге арналған ресми бағамы – 469,49 теңге.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу орташа есеппен 464,13 теңге, сату — 466,51 теңге.

Астанада долларды орташа есеппен 462 теңгеден сатып алып, 469 теңгеден сатуда.

Шымкентте долларды сатып алу бағамы шамамен 464,74 теңге болса, сату бағамы – 466,74 теңге деңгейінде.