ТЖМ қызметкерлері жылдам көмекке жетті
Павлодар облысының Баянауыл ауылындағы Сабындыкөл көлі маңында 112 пультіне әйел адамнан құтқарушылардың көмегі қажет екені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел түрде шықты. Оқиға орнына келгенде мал айдап бара жатқан әйелдің батпақты жерде тұрып қалып, өздігінен шыға алмағаны анықталды.
Құтқарушылар мен прокуратура қызметкері жедел түрде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шегушіні қауіпті аймақтан шығарып, жедел медициналық көмек бригадасына тапсырды.