Бірқатар қалада жылыту маусымы аяқталды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Жылу жүйелері тексеріле бастайды

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның бірнеше қаласында ауа райының жылынуына байланысты жылыту маусымы кезең-кезеңімен аяқталып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Энергетиктердің мәліметінше, жылу беру тоқтатылғаннан кейін жылу жүйелерінде міндетті көктемгі гидравликалық сынақ жұмыстары басталады. Бұл алдағы қыс маусымына дайындықтың негізгі кезеңдерінің бірі саналады.

20 сәуір күні Павлодар қаласында жылу беру толық тоқтатылды. Сол күні Ақтөбе қаласында да тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға жылу беру тоқтатылды. Ал әлеуметтік нысандарға жылу 28 сәуірге дейін сақталады.

Семей қаласында жылыту маусымы 21 сәуірде аяқталады. Қала әкімдігінің мәліметінше, маусым тұрақты өткен. Жылу тоқтатылғаннан кейін тұрғын үйлер кезең-кезеңімен ыстық сумен қамтамасыз етіледі.

Қарағанды қаласында жылу беру 24 сәуірден 25 сәуірге қараған түні тоқтатылады. Мұндай шешім ауа температурасының көтерілуіне байланысты қабылданған.

Ал Астана қаласында жылыту маусымының нақты аяқталу күні әлі белгісіз.

Айта кетейік, Алматы қаласында жылыту маусымы 3 сәуірде аяқталған.