KASE-де доллар бағамы өсті
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 469,49 теңгені құрап, 0,14 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 20 сәуірге белгіленген ресми бағамы – 469,52 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 467,3 теңгеден сатып алып, 470 теңгеден сатуда.
Астанада доллардың сатып алу бағамы шамамен 466 теңге болса, сату бағасы – 473 теңге.
Шымкентте долларды орта есеппен 468,12 теңгеден сатып алып, 470,78 теңгеден сатуда.