Бағыттар туралы алдын ала хабарланады
Елордадағы қоғамдық көліктің жұмысы әзірге жанданбайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қатаң карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты, елордадағы қоғамдық көлік жұмысы әзірге жанданбайды. Бағыттар туралы жолға шығар алдында қосымша хабарлаймыз», - деп хабарлады әкімдіктен.
Еске сала кетсек, бұған дейін елордада карантин талаптары күшейгенде қоғамдық көлік тоқтатылған еді.