Ол 63 жасында коронавирус инфекциясынан көз жұмды
«Азия дауысы» фестивалін құрған Мұрат Ерғалиев коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Мұрат Ерғалиев бақилық болды. Бір ай бұрын қарындасы о дүниеге аттанып еді. Енді өзі де Қазақстанның музыкасында үлкен із қалдырып кете барды», - деп жазды Тәңірберген Бердіоңғар Facebook парақшасында.
Қайғылы жағдай туралы мәліметті ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады.
Мұрат Ерғалиев «Азия дауысы» фестивалінің, «Жас қанат» конкурсының, одан бөлек бірнеше музыкалық байқаудың ұйымдастырушысы әрі жетекшісі болған. Ол 63 жасында коронавирус инфекциясынан көз жұмды.