«Ақкөлден ешкім Ресейге бармайды»: бірнеше халықаралық пойыз Ақмола облысына неге тоқтамайтыны белгілі болды
Сауал Мәскеу , Қазан, Омбыға қатынайтын пойыздарға байланысты болған еді
Ақмола облысындағы Ақкөл стансасына бірқатар жолаушылар пойыздары тоқтамайтын болған. Бірінші вице-премьер Роман Скляр бұның себебін түсіндірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Вице-министрдің мәліметінше, №83/84 «Қарағанды — Мәскеу», №113/114 «Алматы — Қазан» және №145/146 «Астана — Омбы» пойыздары халықаралық бағытта қатынайды. Негізгі мақсаты – Қазақстан мен Ресей қалалары арасындағы жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету.
Ал жүргізілген талдау нәтижесінде Ақкөл стансасынан Ресей бағытындағы жолаушылар ағыны іс жүзінде жоқ екені анықталған. Осыған байланысты аталған пойыздардың бұл стансада тоқтауы тиімсіз деп танылып отыр.
Сонымен қатар, Қазақстан аумағында бұл бағытта басқа пойыздар жүріп тұр. Яғни, жолаушылар үшін балама бағыттар жеткілікті.
Ресми дерекке сәйкес, Ақкөл стансасындағы жолаушылардың басым бөлігі қала маңындағы және өңіраралық пойыздарды пайдаланады. Атап айтқанда, «Көкшетау — Астана» және «Көкшетау — Нұрлы жол» бағыттарындағы пойыздарға мінеді.
Қазіргі таңда Ақкөл арқылы бірнеше жолаушылар пойызы қатынауын жалғастырып жатыр, олардың ішінде күнделікті және күнара жүретіндері де бар. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл өзгерістер өңір тұрғындарының көлікке қолжетімділігіне кері әсер етпейді.