АҚШ-та 11 ғалым ұшты-күйлі жоғалып кеткен: Дональд Трамп тергеу жүргізуге уәде берді

Қазір бұл мәселе тергеліп жатыр

АҚШ-та 11 ғалым ұшты-күйлі жоғалып кеткен: Дональд Трамп тергеу жүргізуге уәде берді
Фото: GETTY IMAGES

АҚШ президенті Дональд Трамп 2022 жылдан бері АҚШ-та жоғалып кеткен 11 ғалымның қазасы неден болғанын анықтауға уәде берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Бұл жай ғана кездейсоқ жағдай деп үміттенемін, бірақ біз оны алдағы бір жарым апта ішінде анықтаймыз. Мен дәл қазір осы мәселе бойынша өткен жиналыстан шықтым», - деді Трамп.

Қазіргі уақытта бұл оқиғаларды Ақ үй мен АҚШ-тың Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасы (NNSA) тергеп жатыр.

Fox News мәліметінше, өкілдер палатасының Қадағалау комитетінің мүшесі Эрик Берлисон ФБР-ды шұғыл тергеу жүргізуге шақырған. Жоғалып кеткен немесе қайтыс болған ғалымдар ядролық және ғарыштық зерттеулерге қатысқан. Олардың кейбірі жұмбақ жағдайда із-түзсіз кеткен.

Жоғалғандардың қатарында:

  • қорғаныс кәсіпорнында жұмыс істеген 48 жастағы Стивен Гарсия;
  • Пентагонның ғылыми-техникалық даму бағдарламасына жауапты болған, 68 жастағы отставкадағы Әуе күштерінің генералы Уильям Нил Маккасланд;
  • қорғаныс-ғарыш саласында еңбек еткен 60 жастағы Моника Реза бар.

Сонымен қатар Лос-Аламос ұлттық зертханасы қызметкерлері Энтони Чавес пен Мелисса Касиас, сондай-ақ Novartis компаниясының биологы Джейсон Томас та жоғалып кеткен.