20.04.2026, 09:19
Жаңалықтар
Қарағандыда кәмелетке толмаған екі қыз бала батпаққа құлап кетіп, шыға алмай қалған (ВИДЕО)
ТЖМ құтқарушылары жасөспірімдерге көмекке келді
Фото: Видеодан скрин
Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданындағы гараж артындағы аумақта 2010 және 2013 жылы туған екі қыз бала батпақты жерге батып, шыға алмай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қыздардың айтуынша, олар жолды қысқартпақ болып, абайсызда батпақты жерге кіріп кеткен.
Оқиға орнына ТЖМ Жедел-құтқару жасағы жедел келіп екі қыз баланы батпақтан аман-есен шығарды. Кейін құтқарушылар балаларды үйлеріне жеткізді.
«Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болған жоқ», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды