Сонымен қатар Алматы полициясы тұрғындарды жаяу серуендеуден аулақ болуға шақырды
Алматыда демалыс күндері карантин шараларының күшейтілуіне байланысты бірнеше жол жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі іс-шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулысына сәйкес демалыс күндері (сенбі және жексенбі) 2020 жылдың 17 шілдесінен бастап арнайы тапсырысқа дейін сенбі күні таңертеңгі сағат 07:00-ден дүйсенбі күні сағат 07:00-ге дейін Ұлттық табиғи саябақтарға апаратын жолдарда (Медеу, Шымбұлақ, Алма-Арасан), көліктің барлық түрлері мен адамдардың өтуіне, көрсетілген аймақтардың тұрғындарын қоспағанда қозғалыс шектеледі», – деп хабарлады қала полициясы.
Осыған байланысты Алматы қаласының полициясы тұрғындарды бағыттарды алдын ала анықтап, оның ішінде жаяу серуендеуден аулақ болуға шақырады