18.04.2026, 18:31
Жаңалықтар
Шымкентте дәмхана өртеніп, құтқарушылар жойқын жарылыстың алдын алды
Олар ғимарат ішінен газ баллондарын алып шықты
Фото: ТЖМ
Шымкент қаласындағы дәмханалардың бірінде өрт шығып, құтқарушылар ғимарат ішінен газ баллондарын алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Әл-Фараби ауданындағы Шәймерденов көшесінде орналасқан бір қабатты дәмханалардың бірінде болған. «112» пультіне хабарлама түскен бойда оқиға орнына жеткен құтқарушылар келесі деректерді анықтады:
- Өрт дәмхана асханасындағы электрлі қуырма ыдыстан басталған;
- Жалын аз уақыт ішінде ғимараттың төбесі мен шатырына жайылған;
- Құтқарушылар келгенге дейін қызметкерлер сыртқа шығып үлгерген.
Өртті сөндіру кезінде мамандар өмірлерін қатерге тігіп, қауіпті жерден екі оттегі және бір газ баллонын алып шыққан.
Осылайша, құтқарушылар дәмхана ішіндегі ықтимал жарылыстың алдын алып, шығын көлемін азайтты. Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
21.07.2026, 15:34
Аргентина құрамасын әлем чемпионаттарынан мәңгіге шеттетуді 23 млн адам талап етті
21.07.2026, 15:46
«Әскерде командирім зорлады»: Threads-те аянышты жазба жариялап, ақша жинаған жас жігіт сотталып кетті (ВИДЕО)
21.07.2026, 10:59
Қазақстан ТЖМ авиациясы жарты жылда 1 488 рет әуеге көтерілді: жүздеген адам құтқарылды
21.07.2026, 14:57
«2,5 келіге жетті»: Тайландтан санитариялық авиациямен жеткізілген шала туған сәби екі айдан кейін үйіне шықты
21.07.2026, 16:29
Атырауда қолжуғыштан жылан шықты: видео желіде қызу талқыланып жатыр