«Несие пайызын төмендетемін»: Маңғыстауда алаяқтыққа барған азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол 1,2 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған

Фото: © istockphoto.com

Маңғыстау облысында 1,2 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған рецидивист-алаяққа қатысты сот үкімі шықты. Мұнайлы аудандық сотының шешімімен ол темір торға тоғытылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, оқиға 2025 жылдың қараша айында Басқұдық ауылында болған. Сотталушы жәбірленушінің сеніміне кіріп, оған несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуге және төлемдердің қолайлы кестесін жасауға көмектесуге уәде берген.

Осы сылтаумен ол азаматты туысының есепшотына 900 мың теңге аударуға және тағы 300 мың теңгені қолма-қол беруге көндірген. Келтірілген жалпы шығын көлемі — 1,2 миллион теңге.

Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты. Алайда, жәбірленуші ақшаның әлі қайтарылмағанын және бұл адамнан зардап шеккен басқа да тұрғындар барын мәлімдеді.

Сот шешім қабылдау кезінде келесі жайттарды ескерді:

1. Күдікті бұрын дәл осындай қылмысы үшін жауапқа тартылған.

2. Кейінгі қылмысын пробациялық бақылау кезеңінде жасаған.

Сот үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сонымен қатар, ол жәбірленушіге шығынды толық өтеуге және Жәбірленушілердің өтемақы қорына жарна төлеуге міндеттелді.