Ол 7,4 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген
Елордада қасиетті Меккеге сапар ұйымдастырамын деп, сенімге кірген алаяққа қатысты сот үкімі шықты. Дін жолындағы азаматтарды пайдаланған ер адам 7,4 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қалалық прокуратурасының мәлімдеуінше, сотталушы өзін қажылық сапарларын ұйымдастырушы ретінде таныстырған. Ол жәбірленушілерге жоқ билеттер мен қонақ үйлерді жалдауға уәде етіп, ақшаларын жымқырып отырған.
Алаяқтық құрығына іліккендер:
Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындап, жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды толық өтеген. Бұл жағдай жазаны жеңілдетуге септігін тигізді.
«Сот үкімімен алаяққа пробациялық бақылау орнатыла отырып, 3 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», – деп нақтылады қадағалау органы.