Бұл іс-шараға БАҚ пен саясаткерлер, дипломаттар жіті назар аударып отыр
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Анталия дипломатиялық форумына қатысуы халықаралық баспасөз өкілдері мен меймандардың қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазір мемлекет басшысы панелдік пікірталасқа қатысып, сауалдарға жауап беруде. Аталған іс-шараға БАҚ пен саясаткерлер, дипломаттар жіті назар аударып отыр», – делінген Борт №1 хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына барғаны хабарланған.