16 наурызға арналған доллар бағамы: АҚШ валютасы арзандады

Автор: Асыл Арман

Қазақстан Ұлттық банкінің 16 сәуірге арналған ресми бағамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 471,46 теңгені құрап, 2,61 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің 16 сәуірге арналған ресми бағамы – 474,08 теңге.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды орташа сатып алу бағамы – 471,24 теңге, сату бағамы – 473,53 теңге.

Астанада доллар орта есеппен 468 теңгеден сатып алынып, 475 теңгеден сатылуда.

Шымкентте АҚШ валютасы орташа есеппен 471,79 теңгеден сатып алынып, 473,82 теңгеден сатылып жатыр.