Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды
Алматыда пышақ ұстаған ер адам маңайында жүрген тұрғындардың ізінен қуып, зәресін алды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кадрлар тұрғын үй ауласындағы бейнебақылау камераларынан алынған. Онда ер адамның пышақ ұстап, тұрғындарды қуып, терезелерге тас лақтырғанын байқауға болады.
Оқиға Алатау ауданында болғаны айтылды.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушы анықталып, ұсталған. Ол полиция бөліміне жеткізілген.
Тексеру барысында ер адамның алкогольдік мас күйде болғаны белгілі болды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында ол дер кезінде залалсыздандырылған.
Қазіргі уақытта оның әрекеттеріне қатысты процессуалдық шешім қабылданып жатыр.