Ақтауда әйел адам аулада отырған қыз баланың сырғасын шешіп алып кеткен (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Фото: Видеодан скрин

Ақтауда әйел адам аулада отырған оқушы қыз баланың құлағынан алтын сырғасын шешіп алып кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Әйел адам оқушының сырғасын шешіп алғаннан кейін оқиға орнынан тайып тұрған.

Оқиға Ақтау қаласының 29-шағынауданындағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде болған. Басылымның мәліметінше, полицейлер оқиғаның нақты уақытын нақтылай алған жоқ.

Аталған дерек бойынша күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тегтер: