Қазақстанда неке сақиналары айтарлықтай қымбаттады

Автор: Асыл Арман

Бір жылда 45 пайызға қымбаттаған

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда неке сақиналарының бағасы айтарлықтай өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жас жұбайлардың жүзігі айлық және жылдық есепте қымбаттаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Баға айына 5,5%, жылына 45%-ға өсті

Наурыз айының қорытындысы бойынша:

  • алтын сақиналардың бағасы бір айда 5,5%-ға артты;
  • жылдық көрсеткіште бірден 45%-ға өскен.

Қай өңірлерде қарқынды қымбаттаған

Өңірлер арасында баға өсімі әртүрлі. Жылдық ең төмен өсім:

  • Маңғыстау облысында – 14,5%;
  • Шымкентте – 29%;
  • Астанада – 29,9%.

Ең жоғары өсім Ұлытау облысында тіркелді – 71%.

Зергерлік өндіріс көлемі артты

Бағаның өсуіне қарамастан, елде зергерлік бұйымдар өндірісі ұлғайған.

2025 жылдың қорытындысы бойынша:

  • өндіріс көлемі 7,7%-ға өсті;
  • жалпы көлемі 2,7 млрд теңгені құрады.