Негізгі капиталға 3,5 трлн теңге инвестиция салынды – Әмрин

Инвестиция 6,4 пайызға ұлғайған

Негізгі капиталға 3,5 трлн теңге инвестиция салынды – Әмрин
Фото: Үкімет

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин инвестициялық белсенділік 2026 жылдың басында экономикалық өсімнің негізгі драйвері болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 3,5 трлн теңгені құрап, 6,4% ұлғайды. Қаражатты тарту бойынша көшбасшы өңірлер – Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстары. Капиталдың ең көп көлемі электрмен жабдықтау, байланыс және ауыл шаруашылығы секторларына салынып жатқаны байқалып отыр», - деді ол.

Оның айтуынша, сыртқы саудада да оң динамика бар: жылдың алғашқы екі айында тауар айналымы 11,3% өсіп, $21,7 млрд-қа жетті.
 

«Апта сайын Экономикалық өсім жөніндегі жедел штабта нақты кәсіпорындардың проблемалық мәселелері және өнім шығаруды ұлғайту үшін оларды шешу жолдары қаралады. ЖІӨ-нің таргеттелетін өсуін қамтамасыз ету мақсатында салалық министрліктер салаларды дамытудың нысаналы параметрлеріне қол жеткізу үшін барлық қаржылық және қаржылық емес шараларды қабылдауды қамтамасыз етуі қажет»,- деп атап өтті вице-министр.