Астанада «Яндекс» курьерінің әрекеті жұртты шошытты. Желіде тараған видеоға назар аударсақ, курьер жігіт төгіліп қалған тамақты ыдысына қайта салып, тапсырыс иесіне бермек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жағымсыз оқиға қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің подъезінде болған.
Ал видеоға қатысты желі қолданушылары тапсырыс қабылдайтын компанияларға шағымдану қажеттігін алға тартып, түрлі пікір білдірді.
«Сұмдық-ай! «Яндекс» қызметіне міндетті түрде шағымдану керек», «Осындай жағдайлар болмас үшін пакеттер пломбалануы керек, ең болмағанда скотчпен немесе степлермен жабылуы керек», «Міне осындайлардың кесірінен тапсырыспен тамақ алғым келмейді», «Адамдарға не болып барады? Біреуі балалар арбасына дәрет сындырып кетті, тағы біреуі тапсырыспен келген асты жеп қойған», «Яндекс» осындай адамдарды ешқашан тексермейді», – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда курьер жігіттің подъезде тұрған балалар арбасына дәрет сындырып кеткен видеосы тараған болатын.