Елдің бірқатар аймағында жоғары өрт қаупі сақталады
Синоптиктер 14 сәуірге Қазақстанның 16 өңірі бойынша дауылды ескерту жариялады. Ел аумағында жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола облысында батыс пен солтүстікте жаңбыр жауып, күндіз найзағай болады. Түнде және таңертең батыста, оңтүстікте, шығыста тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік, шығыс бөліктерде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз шығыс пен оңтүстік-батыста оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с жетеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады.
Қостанай облысында солтүстік пен шығыста жаңбыр, найзағай, солтүстік-батыста найзағай күтіледі. Батыс, солтүстік, шығыс аудандарда тұман болады. Оңтүстік-шығыс желі солтүстік, шығыс және оңтүстікте 15 м/с дейін күшейеді. Қостанайда түнде және таңертең найзағай мен тұман болжанып отыр.
Павлодар облысында түнде батыс пен оңтүстікте тұман түседі.
Қарағанды облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік, шығыста тұман болады. Батыс пен оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстік, шығыс және оңтүстікте көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең батыс, солтүстік, оңтүстікте тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с жетеді. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Абай облысында түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Солтүстік-батыс желі оңтүстік, шығыс және орталықта солтүстік-шығысқа ауысып, 15–20 м/с күшейеді. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында солтүстік, батыс және орталық аудандарда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта да жоғары өрт қаупі бар.
Жетісу облысында шығыста солтүстік-шығыс желі 15–20 м/с дейін күшейеді. Алакөл көлдері ауданында екпіні 23–28 м/с, күндіз кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болады.
Жамбыл облысында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыс желі оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аймақтарда 15–20 м/с дейін күшейеді. Батыс пен оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Түркістан облысында солтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыс желі батыс, солтүстік және таулы аудандарда 15–20 м/с күшейеді. Батыс пен солтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да желдің екпіні 15–20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында күндіз орталық, солтүстік және шығыста шаңды дауыл болады. Шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Қызылордада күндіз шаңды дауыл соғып, шығыс желі 15–20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысында шығыс және оңтүстік-шығыс желі күндіз оңтүстік пен орталықта 15–18 м/с жетеді.
Атырау облысында батыс, солтүстік, оңтүстікте жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз оңтүстікте кей жерде қатты жаңбыр мен бұршақ жауады. Түнде және таңертең оңтүстікте тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15–20 м/с күшейеді. Атырауда кей уақытта жаңбыр, найзағай, түнде және таңертең тұман, күндіз кей жерде қатты жаңбыр болады. Желдің екпіні 15–18 м/с.
Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз солтүстік, оңтүстік және орталықта кей жерде қатты жаңбыр, бұршақ, шквал күтіледі. Солтүстік-батыс желі түнде батыс, оңтүстік және орталықта, күндіз облыс бойынша 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін күшейеді. Ақтауда жаңбыр, найзағай, желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысында түнде батыс, солтүстік, оңтүстікте жаңбыр, найзағай, кей жерде қатты жаңбыр жауады. Күндіз солтүстік, оңтүстік және орталықта найзағай болады. Түнде және таңертең батыс, солтүстік, шығыста тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыс және оңтүстік жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Оралда найзағай, түнде және таңертең тұман болады.