Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Сәтбаев қаласындағы Жастар көшесінде үш ер адам бір азаматқа шабуыл жасап, оны аяусыз ұрып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төбелестің нақты себебі әзірге белгісіз.
Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, олардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.