Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Автор: Асыл Арман

Мамыр айында төрт бірдей мемлекеттік мереке бар

Фото: istockphoto.com

2026 жылдың мамыр айында Қазақстанда төрт бірдей мемлекеттік мереке бар. Соның арқасында бұл айда демалыс күндері көбірек болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні жұмаға сәйкес келеді. Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады – 1, 2 және 3 мамыр (жұма, сенбі, жексенбі).

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні бейсенбіге түседі. Осыған байланысты бұл күні бір күн демалыс беріледі.

9 мамыр – Жеңіс күні сенбіге сәйкес келеді. Демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады, сондықтан қазақстандықтар 9, 10 және 11 мамыр күндері (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) үш күн қатарынан демалады.

Қосымша демалыс 27 мамырда Құрбан айт мерекесіне орай беріледі. 2026 жылы бұл мереке сәрсенбіге сәйкес келеді.

Осылайша, 2026 жылдың мамыр айында бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 14 күн, ал алты күндік жұмыс аптасында 12 күн демалады.