Каспий тағы да сілкінді: бір айда сегізінші рет жер сілкінісі тіркелді

Автор: Алмас Ерсін

Сілкініс ошағы Ақтаудан 570 шақырым жерде орналасқан

Фото: istockphoto.com

Каспий теңізі акваториясында сейсмикалық белсенділік әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр. Ай басынан бері мұнда сегіз жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Кезекті жер асты дүмпуі 11 сәуір күні таңертең болды. Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, ол жергілікті уақытпен сағат 08:47-де тіркелген.

Жер сілкінісінің магнитудасы 3,3 болған, ал ошағы шамамен 32 шақырым тереңдікте орналасқан. Эпицентрі Ақтаудан шамамен 570 шақырым қашықтықта болған.

Мамандар өңірдегі белсенділік сақталып отырғанын айтып, жағдайды бақылауды жалғастырып жатыр.