Сонымен қатар жүздеген арнайы техника жұмылдырылды
Бүгін, 11 сәуірде Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық науқаны өтті. Қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған шараға мыңдаған тұрғын мен жүздеген арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Экологиялық шара шаһардың 8 ауданындағы 23 аумақты қамтыды. Қала әкімдігінің мәліметінше, сенбілікке 36 300 адам қатысып, қаланы қоқыстан тазартуға атсалысқан. Сондай-ақ жұмыс барысында 365 арнайы техника жұмылдырылды.
Бір күн ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы:
Тұрғындардың ең көбі Медеу және Алатау аудандарында тіркелді. Бұл өңірлерде 15 мыңнан астам адам сенбілікке шыққан. Сондай-ақ Бостандық, Әуезов және Наурызбай аудандарында да ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді.
Эко-акция барысында қаланың басты су артериялары мен демалыс орындарына ерекше көңіл бөлінді:
1. Үлкен Алматы, Есентай және Қарасу өзендерінің жағалаулары;
2. Аула аумақтары мен қоғамдық кеңістіктер және саябақтар.
«Мөлдір бұлақ» науқаны Алматының экологиялық ахуалын жақсартумен қатар, тұрғындар арасында санитарлық мәдениетті қалыптастыруды көздейді.