Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне Ербол Тұяқбаев тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол 1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
- 2013-2018 жылдары – ҚР БҒМ Ғылым комитетінде сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы.
- 2019-2020 жылдары – «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ БАҚ, «Astana» ӘКК» акционерлік қоғамында қызмет етті.
- 2020-2023 жылдары – Астана қаласы әкімі аппаратының Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, басшысы, Инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы, сондай-ақ Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
- 2023 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.