Олар өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр
11 сәуірде Бұхара қаласында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.