Ұлттық банктің 10 сәуірге белгіленген ресми бағамы белгілі болды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 473,13 теңгені құрап, 5,65 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 10 сәуірге белгіленген ресми бағамы – 479,82 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 471,73 теңге, сату – 474,19 теңге.
Астанада долларды орта есеппен 470 теңгеден сатып алып, 477 теңгеден сатуда.
Шымкентте долларды сатып алу бағамы орта есеппен 472,56 теңге болса, сату бағамы – 474,67 теңге.