Иранда Хаменеи кеңесшісінің қаза тапқаны хабарланды

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол сәуірдің басында әуе шабуылы кезінде жарақат алған

Фото: aa.com.tr

Иранда жоғарғы көшбасшы Али Хаменеидің кеңесшісі, Ислам Республикасының стратегиялық халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің басшысы Камаль Харрази Тегерандағы жақында болған бомбалау кезінде алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Иранның мемлекеттік телеарнасы хабарлады.Олардың мәліметінше, Харрази «америкалық-израильдік қарсы тараптың шабуылы салдарынан бұрын жараланып, бірнеше сағат бұрын қайтыс болған».

1 сәуірде Al Hadath телеарнасы Харрази Тегеранға жасалған әуе соққысы кезінде жараланып, ауыр жағдайда жатқанын хабарлаған еді.

Сол кезде Иран билігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеген.