Қазақстандық спортшы әйелдер күресінен Азия чемпионаты-2026 қола жүлдесі үшін белдеседі

Автор: Алмас Ерсін

Чемпионат Бішкекте өтіп жатыр

Фото: olympic.kz

Қазақстандық балуан Тыныс Дүбек Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.

Финал жолдамасы сарапқа салынған 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тыныс Дүбек Солтүстік Корея өкілі Хен Ген Мунмен белдесті.

Жартылай финал қарсыласының 11:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды.

Осылайша Тыныс Дүбек ертең, 10 сәуірде, құрлық біріншілігінің қола жүлдесі үшін күреседі.