Тоқаев Азия чемпионы атанған боксшы қыздарды құттықтады

Автор: Асыл Арман

Ол алдағы әлем чемпионаттары мен Олимпиадада биіктен көрінуіне тілектестік білдірді

Фото: ҰОК

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті.

Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді.