Алматыда курьер подъезде тұрған балалар арбасына дәрет сындырған (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Зардап шеккен отбасы полицияға арыз түсірген

Фото: Видеодан скрин

Алматыда азық-түлік жеткізіп жүрген қатысты жағымсыз оқиға болды. Жергілікті тұрғынның айтуынша, курьер тапсырысты орындау кезінде подъезд дәлізінде тұрған балалар арбасына дәрет сындырып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Зардап шеккен отбасы полицияға арыз жазып, кінәлі адамның өз әрекеті үшін жауапкершілікке тартылатынына үміт білдірді.

Әйел адамның айтуынша, арбаны тазалағаннан кейін де жағымсыз иіс толық кетпеген.

Агенттік тілшісі Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне оқиғаға қатысты сауал жіберді.