Алматыда ер адамды бір топ адам жабылып, соққыға жықты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Фото: Видеодан скрин

Алматы облысының Қарасай ауданында бірнеше ер адамның бір адамды жабылып ұрғаны туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Аталған оқиғаға өңірлік полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, дене жарақатын келтіру дерегі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оқиғаға қатысқан барлық күдікті мен куәгер анықталған.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысы бақылауда, оның қорытындысы бойынша қатысы бар тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаменті.