Жануарларға қатігездік танытқандарға қатысты жаза күшейеді – Жаңбыршин

Автор: Аягөз Құрмаш

Заң жобасында бұл мәселелер көзделген

Фото:gov.kz

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Еділ Жаңбыршин «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында жануарлар иелерінің жауапкершілігі күшейгенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл заңда біз ит иелерінің жауапкершілігін арттыру мәселесін қарастырдық. Кез келген далада жүрген иттің жағдайында оның иесінің жауапкершілігі күшейтілді. Дегенмен, бұл біздің заңның аясында емес, өйткені әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстық кодекске өзгерістер басқа заңдар арқылы енеді. Үкіметтің қорытындысына жібердік, және иелерінің жауапкершілігі еселенген. Әкімшілік кодекске де күшейтулер енгізілді, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 316-бабында жануарларға қатігездік көрсеткендерге қатысты жазалар қатаңдатылды. Бұл шаралар арқылы жануарларға және адамдарға зиян келтіретін жағдайларда жауапкершілік жоғары деңгейде қамтамасыз етілген», – деді Жаңбыршин.