Олардың мемлекеттік қызметкер екені туралы сыбыс тарады
Жаркентте автотұрақтағы көліктердің бірінде тыр жалаңаш отырған екі ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жазбаны жергілікті пабликтер жариялаған. Пайдаланушылар видеоны қызу талқылап жатыр. Пікірлерде кейбірі ер адамдардың полициямен байланысты болуы мүмкін екенін болжаған.
«Таратылған видеоематериалда қоғамдық тәртіптің бұзылу фактілері анықталған жоқ. Полицияға өтініштер мен арыздар түспеген. Бейнеде көрініс тапқан тұлғалардың ішкі істер органдарына қатысы жоқ», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.