Ақтауда 15 жастағы мектеп оқушысы биіктен құлап, көз жұмды

Автор: Асыл Арман

Ақтау қаласының полициясы қылмыстық іс қозғады

Фото: istockphoto.com

Ақтау қаласында 6 сәуір күні 13-шағынаудандағы тұрғын үйлердің бірінде 15 жастағы қыз бала биіктен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиғаға қатысты суицид нұсқасы қарастырылып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

«Аталған дерек бойынша Ақтау қаласының полициясы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», – делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген мәлімдемесінде.