Қазақстанда көмір кен орындары бойынша жаңа аукцион өтеді

Автор: Аягөз Құрмаш

Аукцион жыл соңына дейін өтуі тиіс

Фото: © freepik.com

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов биыл 10 кен орнына жер қойнауын пайдалануға беру бойынша аукцион ашылатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазір пайдалы қатты қазбалар саласының 40 жер қойнауын пайдаланушысы көмірге қатысты 41 келісімшартпен жұмыс істейді. Қазір көмір саласына жаңа инвестициялар тарту жұмысы жүйелі түрде жүріп жатыр. 2025 жылы келісімшарттардың жұмыс бағдарламаларына сәйкес көмір өнеркәсібіне инвестициялар көлемі 305 млрд теңгені құрады, ал 2026 жылы салаға инвестиция тарту 553,5 млрд теңге болады деп күтіліп отыр», - деді Ақкенженов үкімет отырысында.

Оның айтуынша, көмір өнеркәсібінде шамамен 32 мың адам жұмыспен қамтылған.

«Жыл соңына дейін шамамен 10 көмір кен орны учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін аукцион өткізу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының көмір генерациясын дамытуға ұлттық жоба беру мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау үшін Үкімет 2026 жылғы 20 наурызда «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасын бекітті. Аталған құжат белгіленген жиынтық қуаты шамамен 7,8 ГВт болатын инвестициялық жобалар кешенін іске асыруды көздейді», - деді министр.