Оқиға 6 сәуір күні болды
Қарағанды – Астана бағытындағы Сороковая – ОП-42 учаскесінде пойыз машинисі рельсте тұрған автокөлікті соғып кетпеу үшін апатты тежеуді қолданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазақ темір жолы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 2026 жылғы 6 сәуірде болды. Ұлттық компанияның мәліметінше, машинист электровозды сағатына 62 км жылдамдықпен жүріп келе жатып апатты тежеу қолданған. «Газель» жүргізушісі белгісіз жерде теміржолдан өтіп кетуге тырысқан.
Локомотив бригадасының сақтықпен және жылдам әрекет етуінің арқасында соқтығысу алдын алынды.