Павлодарда ер адам мысықты құтқарамын деп биіктен құлап, көз жұмды

Автор: Аягөз Құрмаш

Марқұмның 50 жаста болғаны анықталды

Фото: BILD

Дәрігерлердің мәліметінше, ер адам 6 метр биіктіктен құлап, түрлі сынықтармен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясында хабарланғандай, шақырту 5 сәуір күні түскен. Орталық өнеркәсіп аймағында 50 жастағы ер адам 6 метр биіктіктен құлаған. Айта кетейік, ол ағашта тұрған мысықты түсірмек болған.

Ер адам әртүрлі сынықтармен және травматикалық шок жағдайында ауруханаға жатқызылды. №1 қалалық ауруханада алған жарақаттарының салдарынан науқастың көз жұмғаны хабарланды.

Сол күні тағы бір әйел де биіктіктен құлап, көз жұмды.

«Өкінішке қарай, дәрігерлер оқиға орнына шақыртудан кейін 2 минут ішінде жеткеніне қарамастан, зардап шегушіге көмектесіп үлгермеді. Шамамен 50-60 жастағы белгісіз әйел Марғұлан көшесіндегі үй маңында биіктен құлап, көз жұмған», – деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайтыс болған әйел 1955 жылы туған. Ол психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Аталған факт бойынша тексеріс тағайындалды.