АҚШ Иранда өзінің екі ұшағын жойып жіберді

Автор: Аягөз Құрмаш

Екі Black Hawk тікұшағы зақымданғанымен, базаға қайта оралған

Фото: istockphoto.com

АҚШ әскери қызметкерлері Иран аумағында жүргізілген құтқару операциясы кезінде екі C-130 жүк ұшағын және төрт MH-6 Little Bird тікұшағын әдейі жойған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы ABC News телеарнасы АҚШ-тың ресми тұлғаларына сілтеме жасады.

Телеарна дерегінше, арнайы операцияларға арналған MC-130J ұшақтары техникалық ақауларға байланысты ирандықтардың қолына түсіп кетпеуі үшін жарылған. Операция жұма күні Иран үстінде атып түсірілген F-15E жойғышының екінші экипаж мүшесін құтқару мақсатында жүргізілген. Бірінші ұшқыш сол күні-ақ құтқарылған.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл миссияны «АҚШ тарихындағы ең батыл іздеу-құтқару операцияларының бірі» деп атады. Оның айтуынша, құтқарылған ұшқыш-полковник «Иранның қауіпті тауларында» болған және оған ирандық әскери күштер жақындап қалған.

Телеарна мәліметінше, операцияға ондаған ұшақ қатысқан. Екі Black Hawk тікұшағы зақымданғанымен, базаға қайта оралған. Ал әуеден қолдау көрсеткен A-10 Warthog шабуылдаушы ұшағы атып түсірілген, бірақ оның ұшқышы Кувейт аумағында катапульт жасап аман қалған.

Тегтер: