Елімізде доллар күннен күнге арзандап келеді: 6 сәуірге арналған ресми бағамы жарияланды

Автор: Асыл Арман

Қазақстан Ұлттық банкінің ресми доллар бағамы жарияланды

Фото: freepik.com

Қазақстанда доллар құны күннен күнге арзандап келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Kurs.kz сайтының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 462,78 теңге, сату бағамы – 465,39 теңге.

Астанада долларды орта есеппен 463 теңгеден сатып алады, 470 теңгеден сатады.

Шымкенттегі долларды орташа есеппен 464,43 теңгеден сатып алып, 466,48 теңгеден сатады.

Қазақстан Ұлттық банкінің ресми доллар бағамы 6 сәуірге 470,46 теңге болып белгіленген.