Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады
Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында отандасымыз Әйгерім Сәттібаева жеңіске жетті. Ол ширек финалда қарсыласын қапы қалдырып, турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Әйгерім Сәттібаева ширек финалда өзбекстандық Сабина Бобокуловамен кездесті. Тәжірибелі қос боксшының арасындағы бәсеке тартысты өтті.
Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 3:2 есебімен қазақстандық спортшыға берді. Бұл жеңіс Әйгерімге Азия біріншілігінің кем дегенде «қола» жүлдесін қамтамасыз етіп отыр.
Өкінішке қарай, дәл осы күні шаршы алаңға шыққан тағы бір отандасымыз жарыс жолын аяқтады. Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейінгі салмақ) ширек финалда Тайланд өкілі Пунрави Руенроспен қолғап түйістіріп, есе жіберіп алды.