Қазақстан мен Қытай шекарасындағы бірнеше өткізу пункті уақытша жабылады

Автор: Дәулет Ботагөз

Мекеме өкілдері жолаушыларға бағыттарын алдын ала жоспарлауды ескертеді

Фото: gov.kz

5 сәуірде Қазақстан мен Қытай шекарасындағы бірнеше өткізу пункті жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл шектеу Қытайдағы Цинмин мерекесіне байланысты енгізіліп отыр,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қытай Халық Республикасындағы «Цинмин» (марқұмдарды еске алу күні) мерекесіне орай, жексенбі күні Бақты (Абай облысы); Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы); Достық (Жетісу облысы); Нұр Жолы (Жетісу облысы); Қалжат (Алматы облысы) өткізу пункттерінде қозғалыс тоқтайды. 

Бұл ақпаратты Қазақстанның кеден қызметі жанындағы тиісті өкілдіктер растады. Мекеме өкілдері тасымалдаушылар мен жолаушыларға бағыттарын алдын ала жоспарлауды ескертеді.

Шекарадағы шектеулерге қарамастан, Жетісу облысындағы екі теміржол өткізу пункті жөнелту мен қабылдауды жалғастыра береді. Олар:

1. «Достық» теміржол бекеті;

2. «Алтынкөл» теміржол бекеті.

Бұл бекеттер тәулік бойы штаттық режимде жұмыс істейді. Егер сапарыңыз шұғыл болса, теміржол қатынасын пайдалану ұсынылады.

Цинмин қандай мереке?

Цинмин — Қытай мәдениетіндегі ең маңызды күндердің бірі. Бұл күні халық ата-баба рухына тағзым етіп, зираттарды ретке келтіреді. Дәстүр бойынша қытайлықтар марқұмдардың басына гүл мен тағам апарып, құрмет көрсетеді.